«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
Жаңа форматтағы сату орталықтарын ашады
04.07.2014

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС («ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ 100% еншілес компаниясы) қызмет көрсету сапасын жақсарту және компания клиенттері үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жаңа форматтағы сату орталықтарын ашады. Астана қаласында (Тұран даңғылы 14) орталық 2014 жылғы 1 шілдеде ашылды, Алматы қаласында (Чайковский көшесі 149 үй, Абай даңғылының бұрышы) орталық 2014 жылдың 8 шілдесінен жұмыс істейтін болады.

Қайырымдылық науқандар
01.06.2014

Халықаралық балалардықорғау күні қарсаңында «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС ұжымы Астана қаласындағыБалалар үйінің тәрбиеленушілерінде қонақта болып қайтты. Қонақтар құр қолкелген жоқ. Олар балаларға сыйлық – үлкен батут ала әкелді. Жетім балалармұндай сыйлыққа қуанып, мәз-майрам болды. Сәбилер үйінде үлкен ойын алаңы бар,бірақ онда батут ешқашан да болған емес.

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» компаниялар тобы ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.
11.05.2014

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС («ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ның 100 % еншілес ұйымы) «Ақ-Бұлақ» спорттық-сауықтыру кешенімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шараларды өткізді.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖЖМ ұлттық операторына 5 жыл толды.
28.04.2014

Осыдан тура 5 жыл бұрын, 2009 жылдың 28 сәуірінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сату нарығында ұлттық оператор ретінде мемлекет атынан әрекет ететін жаңа компания пайда болды. Өзінің құрылған күнінен бастап алғашқы мерейтойын «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу