«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
22.10.2014
807 просмотров
АЖС мастерінің өмірінен бір күн.

Біз бәріміз көлікті күнделікті пайдаланамыз, біріміз жолаушы ретінде, біріміз жүргізуші ретінде. Арине, үнемі машинаға жанармай құямыз және әр жүргізушінің көбінесе машинасына жанармайды құйғанды ұнататын белгілі АЖС-і бар.   

Автожанармай станциясында осы үрдістердің бәрін кім басқарады деген ой келді ме? Әр автожанармай станциясында өзінің АЖС мастері бар, ол барлық логистикаға жауап береді.   

Танысып қойыңыздар, ТайтулеуовСагидуллаСерикович, Астана қаласы, Рождественская трассасында (әуежайдың шешілетін жері ауданында) орналасқан №46 АЖС мастері. 

Жұмыс күні таңғы сағат 9-дан басталады, Сагидулла Серикович, әуелі автожанармай станциясындағы қауіпсіздік техникасының орындалуын тексереді, АЖС-тегі жабдықтардың жұмысын тексереді, шағынмарттағы тауардың болуын, сондай-ақ қызметкерлердің сыртқы түр-әлпетін тексереді. 

АЖС операторларында арнайы қазіргі заманғы униформа, ол тұрақтылыққа қарсы және май-бензинге төзімді материалдан жасалған, дизайны ұлттық ою-өрнекті пайдаланып орындалған, ал аяқ киімде автомобиль аяғын басып кету жағдайы үшін арнайы темір қаптамасы бар.  

АЖС мастерінің міндетінің ең негізгісі – бұл тұтынушыларға мұнай өнімдерін тоқтаусыз қамтамасыз ету, сондай-ақ нысанда апаттар мен төтенше жағдайларды болдырмау. 

Мұнай өнімдері келіп түскенде АЖС мастері қабылдау –тапсыру талдауын жасайды (тығыздығын, отындағы су мен мехқоспаның болуын анықтайды), ТКЖ (тауар-көліктік жөнелтпе) бойынша тығыздықтың мәнін салыстырады, содан кейін мұнай өнімдерін резервуарға құю үрдісі жүргізіледі. Бұл уақытта мұнай өнімдерін сату тоқтатылады және құйғаннан кейін жарты сағат тұрып мұнай өнімдері жаңартылады. 

Сонымен қатар мастер әр бензин тасушыдан мұнай өнімдерінің арбитражды сынамасын алып қалады да, оны арнайы жабдықталған орында сақтайды. Бұл сынамалар мұнай өнімдерінің сапасын күдік туғанда немесе клиенттердің шағымдануы кезінде «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС зертханасында талданады.

- Клиент бензиннің сапасын күдікпен шағымданғанда, зертхананы шақырамыз, АЖС-тің резервуарынан сынама алынады, біреуі сатып алушы үшін, екіншісі зертханаға жіберіледі, онда талдау жасалады және бір сынама арбитражды ретінде сақталады. Егер клиент сынаманы тәуелсіз зертханаға апарамын десе. Менің тәжірибемде мұнай өнімдерінің сәйкесссіздігі бір де бір болған емес. 

СагидоллаСерикович АЖС мастері лауазымында 3 жыл қызмет атқарады, студенттік жылдарда оператордан бастапты. Ол кезде автожанармай станциясына оператор болып тек уақытша ақша табуға келген екен, бірақ оған ұжым мен жұмыс қатты ұнағандықтан, сол жерде осы күнге дейін қызмет атқарып келеді. Оператордан кейін кассир лауазымына көтерілді, 3 жыл жұмыс істеп, АЖС мастеріне көтерілді. 

СагидоллаСериковичтің өзі Қарағандыдан, білімі бойынша заңгер, бірақ кәсібін өзгерткеніне тіпті өкінбейді

- Ұжым өте үйлесімді – бұл жұмыстың негізгі факторы. Бізге АЖС-те тікелей клиентке қызмет көрсетудің сапа дәрежесін арттырудың маңызы зор. Осы мақсатта АЖС –тің барлық өндірістік қызметкерлері қызмет көрсету сапасының стандарттары бойынша оқу оқиды, оларға сертификаттар беріледі. Жыл сайын біліктілікті арттыру курстары өткізіледі, мен өзім 2013 жылы қызмет көрсетудің сапа стандарттары бойынша, одан кейін қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша курстарды өттім.

Бос уақытында СагидуллаСерикович әскери самбомен айналысады, самбо бойынша спорт шеберіне кандидат болып табылады. Бақытты, үйленген, әдемі қызды өсіріп жатыр. 

Болашақта мансаптық сатыдан жоғарылай беруді жоспарлайды. 

Көзі: «Самрук-Қазына» бірыңғай порталы

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу