«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
18.12.2014
1337 просмотров

Сіз машина сатып алдыңыз. Ол өте әдемі- өзінің келбетімен бәрін қуанышқа бөлейді, ал оның ыңылдаған моторы саусақ бастарын шымырлата құлаққа жағымды және қанды ойнатады. Сіз оны көп армандадыңыз, ол туралы көп оқыдыңыз, оның артықшылдығын сан рет талқыладыңыз. Оның «денсаулығы» сізді алаңдатса, таңқаларлық ештеңе жоқ.

Жанармай сапасы қозғалтыштардан пайдаланылған газдың шығуын арттыра немесе керісінше азайта отыра тек республикадағы экологиялық жағдайға ғана әсер етпейді, сондай-ақ автомобильдің ұзақ жүруіне әсерін тигізеді. Міне, бүгін осы туралы сарапшылар әңгімелейді — Еңбек Қызыл Ту орденді «Автомобиль және автомотор ғылыми-зерттеу институтының (НАМИ) техникалық ғылымдардың кандидаты Марк Вайсблюм, „Мұнай өңдеу бойынша бүкіл рессейлік ғылыми-зерттеуинституты“ ААҚ автомобиль және авиациялық жанар -жағармайлар бөлімінің меңгерушісі, техникалық ғылымдардың докторы, профессор Вячеслав Емельянов, сондай-ақ „ORGANIC“ тәуелсіз мұнай өнімдерін сараптау орталығы» ЖШС мұнай өнімдері бойынша сарапшы-аудитор, химия ғылымдарының кандидаты, Ақмарал Қалмұратова.

Жанармайдың сапасын қалай анықтау керек? Автомобиль бұзылған жағдайда мұны жанармайдың сапасыздығынан деп бекітуге бола ма?

В.Е: Бірден мәселе сапасыз жанармаймен байланысты деп айтуға әрине, болмайды. Жанармайдың сапасын арнайы зертханаларда компоненттік құрамына зерттеу жүргізе отыра анықтауға болады.

Бірақ «Мұнай және мұнай өнімдері. Сынама жүргізу әдістері» ГОСТ 2517 стандарты бойынша сынамалар бензобаксыз сұрыпталмайтынын есте сақтаған жөн.

Неге?

Автомобиль иесі бензинді қалдыққа құяды және бакта бензин қоспасы пайда болады, бензин сапасы бойынша ешкімге наразылық білдіре алмайды.

А. К.: Республикалық реестрге авто жанармай құю станцияларын және мұнай өнімдері базаларын, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін сәйкестікке растау саласында аккредиттелген зертханаларда жұмыс істейтін сарапшы -аудиторлардан 40 маман енгізілді.

Бүгінде жанармайдың түрлі сыныптамасы бар: мысалы, Кедендік одақтың Техникалық регламентінде (К2 — К5) экологиялық класс деген түсінік беріледі, ал Дүниежүзілік Жанармай хартиясында — «еуро стандартты жанармай» түсінігі бар. К2 экологиялық класс пен Еуро -2 жанармайлары арасында қандай өзгешелік пен ұқсастық бар?

В. Е.: К2 экологиялық класс пен Еуро -2 жанармайы Еуро -2 шығарылу нормаларымен автомобиль қозғалтқыштарында қолдану үшін берілген. Дегенмен, бензинді Еуро -2 көрсету мүлдем дұрыс емес, өйткені Еуро -2 — автомобильдердің шығарылу нормасы.

Түрлі экологиялық классты жанармай күкірттің болуымен ерекшеленеді. Жанармайдағы күкірт зиянды түрде катализаторлы бейтараптандырғыштың тиімділігіне тіпті оның істен шығуына дейін әсер етеді («улану» және кокстану). Ол жанармай шығынын арттырады және күшін жояды.

М. В.: Сонымен қатар, жанармайдағы күкірттің болуы оттекті құрылғының жұмысын бұзады, қозғалтқышпен электронды басқару жүйесінің жұмысын бұзады. Сондықтан автомобильге жанармайды экологиялық классқа сәйкес мақсатты түрде құю керек. Автомобильге ең төмен экологиялық классты бір реттік 4 экологиялық классты жанармай құю айтулы зардаптарға әкеп соғады.

А. К.: Өкінішке орай, авто жанармай құю станцияларында белгіленген нормасынан асатын күкірт бар жанармайды кездестіруге болады. Мұндай жағдайда бұзылу жағдайлары бір-екі құйғаннан кейін болады.

Сапасыз жанармайды қолдануда қандай белгілер бар және құйғанннан кейін бірден белгі бере ме?

М. В.: Жаңа заманауи автомобильдер (Еуро -3-деңгейінен бастап) экологиялық көрсеткіштер бойынша диагностиканың борттық жүйесімен жабдықталған. Барлық зиянды заттардың шығарылуын арттыруға әкеп соғатын, ақаулықтар мен бұзылулар бұзылудың реттемелеуші кодтары түрінде басқару блогының жадында сақталады және жазылады.

Бұзылу кодтарын техникалық қызмет көрсету станциясында стандартты жабдықтың (сканер) көмегімен теңдестіруге болады.

Әдетте автомобиль бензині октандық сан мәнімен белгіленеді. Бұл көрсеткіш нені сипаттайды?

В. Е.: Октандық сан — автомобиль бензинінің (оның маркасы) сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіш. Бензиннің октандық санын моторлы және зерттеу әдістері бойынша арнайы іштен жанатын бір цилиндрлі қозғалтқышта анықталады. Сынау жағдайындағы айырмашылық: моторлы әдіс қаттылау, бұл көрсеткіштің маңызы зерттеу әдісіне қарағанда төмен.

Моторлы және зерттеу әдістері (МОС және ЗОС) бойынша октандық сан нені білдіреді?

В. Е.: Мысалы: моторлы әдіс бойынша екі бірдей бензин 86 бірлікті құрайды, ал зерттеу әдісі бойынша 95,3 бірлік.

А. К.: Қазір машиналар өте көп және барлығы күнде бір жерден жанармай құяды ғой. Тек қана Алматыда әкімдіктің мәліметі бойынша жеті жүз мыңнан астам машина бар. Ал дағдарыста көп мөлшерде бензинді жеткізу кезіндегі кідірістер әрине, жалғыз АМҚС қожайыны зауыттан сондай мөлшерде таба алмайды, сол кезде көлденең мұнай өнімдерін тасымалдаушылар табылады. Бізде 50 бірліктен аспайтын октандық санмен бензиндік фракция «қолдан жасалған» партиясы сараптамаға түсті.

Ал оларды…. сияқты сатты

Бензинді АИ-92 сияқты сатты.

Және оны ешкім бақыламайды ма? Парламенттің бір отырысында Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет өкілі құрылымда жанармай сапасын тексеретін зертхана жоқ екенін мойындады…

А. К.: Барлық мәселе бізде кеңес үкіметі кезіндегідей зауыттан тұтынушыға дейін мұнай өнімдерінің сапасын сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік сапаны бақылау жүйесі жоқ. Сол кезде Қаз ССО Мемлекеттік мұнай өнімдері комитетінде бақылаушы орган болды және мемлекеттік мұнай өнімдерінің сапасын бақылау жүйесі қызмет етті, онда мұнай өнімдерінің сапасы зауыттан шыққанда, мұнай базаларында сақтау кезінде, тасымалдау кезінде және АЖҚС өткізу кезінде бақыланатын. Онда әрбір объект міндетті түрде айына бір рет тексеріліп тұратын.

Ал қазір?

Қазір бізде сапаны бақылаудың бірыңғай жүйесі жоқ. Шығарушы зауыттан тұтынушыға дейін моторлы жанармай сапасының сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің жоқтығы, мемлекеттік және бақылаушы органдардың қызмет үйлестігінің жоқтығы қолданыстағы ҚР ТР мен стандарттарына сәйкес емес автомоторлы жанармайды өткізу үшін жағдай жасайды.

Өндірушілер мен өткізушілер сапаға тәуелсіз тексеру жүргізуге жиі өтініш білдіретін жеке меншік компаниялар бар, соның ішінде біздің де орталық. Бірақ әрбір мұнай өнімдерінің партиясын паспорттау арқылы сапасына бақылау жасау талаптарына қарамай барлық өткізушілер өткізілетін мұнай өнімдерінің сапасына қызығушылық танытпайды.

Сондай-ақ қазір тексерулерге мораторий бар, АЖҚС жанармай сапасына қарай көптеген өткізушілерде қағида: тексергім келсе — тексерем, тексергім келмесе -тексермеймін.

Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған заманауи зертханалар көп емес және оны шағын АЖҚС қожайындарының қалталары көтермейді. Ал өз абыройын ойлаған ірі компаниялар ондай шығын шығарады. Мысалы, «ҚазМұнаГаз». Бұл ұңғымадан шығарудан құю пистолетіне дейінгі өндірістің толық циклымен иеленетін — тікелей біріктірілген құрылым болғандықтан өз жеке брендін алға және сонымен қатар өңдеудің әрбір кезеңінде тура бақылау арқылы жылжытуға мүдделі.

Сондықтан «ҚазМұнайГаз» компаниясы топтарының сапаны бақылаудың жеке жүйесі бар…

Келісемін. «ҚазМұнайГаз» сияқты АЖҚС ірі жүйелерінде сапаны бақылау жүйесі бар стационарлы және жылжымалы зертханалар істейді.

Жанармай сапасы мәселесіне қайта тоқтала отыра, присадкалар туралы сұрағым келеді. Присадкаларды қоспай, ақ әсіресе, октандық санды арттыратын жоғары сапалы жанармай алуға мүмкін бе?

В. Е.: Жоғары сапалы бензин алу үшін присадкалар мен қосындылар қолданылады, оған технологиялық жолмен жетуге болмайды, әсіресе, пайдалану ерекшелігі бөлігінде жуғыш, коррозияға қарсы және басқалар. Жанармайда присадкалардың болуы — қажеттілік, ол сапасын төмендетпейді, ал керісінше жақсартады.

Қандай присадкалар Кедендік одақ елдерінің заңнамасында жанармайға қосуға рұқсат беріледі? Жанармайға қандай мақсатпен қосады?

В. Е.: Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес автомобиль бензинінде металл қосындысы (марганец,қорғасын және темір) бар присадкаларды қолдануға жол берілмейді. К5 бензиндерінде қолдануға жол берілмейтін монометиланилин (ММА) қосындысы бар қосымшаларды қолдануға тыйым салынған. Ал басқа да присадкалар мен қосымшаларды қолдануға техникалық регламент шек қоймайды. Бастысы, тек присадкалар жанармайдың сапасын төмендетпесе және оның концентрациясы ұйғарынды шамаларды асырмауы тиіс.

Жанармайға рұқсат етілмеген присадкалардың барын «тұрмыстық» жағдайда қалай анықтауға болады (зертханалық жағдайда арнайы сынақтар өткізбей, ақ)?

В. Е.:Жанармай құрамындағы тыйым салынған присадкалардың болуын анықтау мүмкін емес, өйткені қандай зат жанармайға қосылғаны белгісіз. Моторлы жанармайды өндіру технологиясын қатаң сақтау оның құрамында тыйым салынған қосымшалардың болмауына кепілдік береді.

Соңғы кездері автоәуесқойлар жанармай сапасын анықтау үшін тест -жолақтарды пайдаланады. Өндірушілердің мәліметтері бойынша ондай тест-жолақтар автомобиль бензинінде ММА -ның және тыйым салынған темірқосындысы бар присадкалардың барын анықтауға мүмкіндік береді. Қаншалықты ол дәлелденді?

В. Е.: Автомобиль бензинінің сапасын бағалау үшін тест-жолақты пайдалану нормативтік құжаттарда қарастырылмаған және өлшем бірлігі туралы заңға қайшы келеді. Тест-жолақтың көмегімен жанармай сапасын анықтау әдісі факультативті жедел-талдау болып табылады, сапалы баға береді, бірақ арбитраждық әдіс бола алмайды.

Сондай-ақ қорытындысында автомобиль бөлшектері мен агрегаттары жұмысының төзімділігін қалай қамтамасыз ету керек екені жөнінде бірнеше сараптамалық кеңестер алғым келеді?

В. Е.: Мұнда тек жалпы кеңес беруге болады. Біріншіден, автомобильге қызмет көрсету бойынша өндірушінің ұсыныстарын орындау. Ұсынылған жанармай, май, кондицияға сәйкес шығыс материалдарын және қосалқы бөлшектерді пайдалану.

М. В.: Екіншіден, өте төмен температура кезінде қозғалтқышты қосу қозғалтқыш ресурсына өте кері әсерін тигізеді.

Үшіншіден, жүргізу манері автомобиль ресурсы мен жанармай шығынына тікелей әсер етеді.Қаладағы қозғалыс жағдайында энергия шығыны мен жанармайдың тұтынуына сәйкес көп жұмсалуы жылдамдық екпіні режімінде іске асырылады. Жанармайды үнемдеудің әмбебап формуласы: «Аз жылдамдық екпіні — аз тежелу» (тежелу энергиясы негізінен ауаны жылтуға кетеді).

Төртіншіден, күмәнді сауда маркасымен белгісіз АЖҚС -дан бензин құюдан аулақ болып, жанармайды өзіңіз сенетін брендтен АЖҚС -дан құйыңыз.

Дерек көзі: Колеса

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу