«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
16.12.2015
623 просмотров

Сыйлық алу қашанда жанға жайлы. Әсіресе ең сүйікті мереке — Жаңа жыл қарсаңындағы сыйлықтар жағымды. «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай жүйесінің 688 клиентіне 16 автокөлік, Тайланд еліне екі адамға арналған 32 жолдама, 160 теледидар, 240 бейнетіркеуіш және 240 навигатор тапсырылды.

Жанармай үшін автомобиль

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы 2015 жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында бұрын-соңды болып көрмеген ұтыс ойнын ұйымдастырды. Акцияның шартына сәйкес, клиенттер төрт айдың ішінде «ҚазМұнайГаз» ЖМС өз автокөлігіне 40 және одан артық литр көлемінде 7 рет отынның кез келген түрін құю қажет болды.

Акцияға Қазақстанның түпкір-түпкірінен 83 873 көлік иесі қатысқанын айта кету керек. 15 542 адамды құрайтын қатысушылардың басым көпшлігі Астана қаласында байқалса, қалған өңірлерде қатысушылар саны 3 мыңнан 9 мыңға дейін жеткен. Акция басталмас бұрын 7 белгі мен чекті теру үшін 215 319 купон таратылды.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы өзінің клиенттеріне сыйлықтар беруді жақсы дәстүрге айналдырғанын атап өткен жөн. 8 наурыз күні Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында ҚМГ ЖМС жүйесіне өз автокөлігіне жанармай құйған әр ханымға тәтті сыйлық табыс етілді. Қаңтар-мамыр айлары аралығында өз автокөлігіне 2 ай ішінде 500 литр және одан көп мөлшерде АИ 95 және 98 маркасындағы мұнай өнімін құйған астаналықтарды Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қолтаңбасы бар былғары қолғап түріндегі тосын сый күтті. Ал өткен Жаңа жыл қарсаңында 50 литр және одан көп жанармай иеленген көлік иелеріне машиналарды тазалауға арналған щеткалар мен қолғаптар табыс етілген болатын.

Жүректен жүрекке

«ҚазМұнайГаз» компаниясы түрлі акцияларды жиі өткізіп тұрса, компания басында қызметкерлердің ерікті жарналарынан жиналатын және компания еңбеккерлеріне көмек көрсетуді көздейтін (ем шаралары, дүлей апатта зардап шегу және т.б.) «Атымтай» әлеуметтік жобасы әзірленіп отыр. ЖМС жұмыскерлері балалар мен екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне үнемі көмекке келуге әзір. ҰОС ардагерлеріне бағытталған атаулы көмек те жыл сайын көрсетіліп отырса керек. Ал Балалар күніне қарсы автомобильдегі ешбір балдырған сыйлықсыз қалмайды.

Бұнымен қатар, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы шеңберінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жетім балаларды, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды және мүмкіндіктері шектеулі бүлдіршіндерді тәрбиелейтін және оларға көмектесетін Астана қ. балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үлкен батут сыйға тартылды.

Ұтыс ойын деп осыны айт!

«ҚазМұнайГазбен» бірге қозғал» атты акциясы — бұған дейін өткізілген акциялар ішіндегі ең ауқымдысы. Қатысушылардың көбі оны насихат ретінде қабылдағаны сондықтан болар. Ұтыс ойын жеңімпаздарының бірі — Нұрболат Төлебаев лотереяға ешқашан сенім білдірмейтін. «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю станцияларында автокөліктердің ұтыс ойыны жарияланғанда, ұтысқа қол жеткізеді деп ойлаған жоқ еді. Не болса да, лототронға билетін салып жіберді.

— Бізге «ҚазМұнайГаз» компаниясынан қоңырау соғып, навигатор ұтып алғанымды хабарлады. Зайыбымен ЖМС келгенде, тосыннан темір тұлпардың кілтін табыс етті. Шынымды айтсам, басындасенбей-де қалдым. Автокөлікті толығымен өз атыма аударғанға дейін, туысқандарым мен достарым бұны қалжың ретінде көрді. Кейін тіпті осындай акция өткізіліп жатқаны жайлы хабарламағаным үшін шағым білдіріп жатты, — деп күледі Нұрболат Өтепбергенұлы.

Бұның алдында Нұрболат жаңа көлікті қарастырып та жүріпті. Тағдыр тәлкегі бойынша, оның таңдауы дәл Skoda маркасына түссе керек. «Тілегіме періштелер „әумин“ деп, осы автокөлікті ұтуға жазды. Басқаша бұны түсіндіре алмаймын. Барлық көлік жүргізушілеріне айтарым: міндетті түрде қатысып, сенім білдіріңіз. Бұның бәрі шыңдық және автокөлікті әр адам ұтып ала алатынына көзім жетті!», — дейді Нұрболат өз қуанышымен бөлісіп. — «ҚазМұнайГаз» — ұлттық компания болғандықтан, сенім артады. Жанармай сапасы мен компания басында қызмет көрсету, бағалар мен ЖМС орналасуы — осының барлығын да жоғары атап өтуге болады. Бұдан былай, тек «ҚазМұнайГаз» қызметтерін ғана пайдаланатын боламын.

Ұтыс ойнына тігілген тағы бір автокөліктің сәтті иегері — Владимир Спичак. Ол бағын бірдей екі қалада сынап көріпті: 2 билетті Петропавлда және 1 билетті Көкшетау қаласында салыпты.

— Шынымды айтсам, автокөлікті жеңіп алатыныма сенімім аз болды. Тым болмаса да, бейнетіркеуішті ұтып алсам да қайтеді деп ойладым. Компаниядан қоңырау соққанда, колледжде оқитын ұлым бірдеңе бүлдірді деп зәрем ұшты. Бірақ мен машина ұтып алғанымды естігенде, қатты қуандым. Бұдан былай ауылымыздың барлық тұрғындары өз автокөліктеріне тек «ҚазМұнайГаз» ЖМС жанармайын ғана құйып отырады деп ойлаймын.

Владимир Васильевич автокөлік ұтып алды деген хабар оның ауылдастарын таң қалдырмапты. Бұл жерде ұтып алынған бұл осымен үшінші машина болса керек. Алайда, бағасы қымбат әрі жақсы жабдықталған көлік алғашқысы екен.

«ҚазМұнайГаз» клиенттерінің қатарына осыдан небары жарты жыл ғана-ақ қосылған Руслан Жанажанов та осындай тамаша темір тұлпардың сәтті иегері атанды. Бірақ, аталмыш компанияның отын сапасы мен көрсетілетін қызметі көңілінен шығып отыр.

— Менің жұмысым тасымалдаулармен тығыз байланысты. Жүктерді Ресейге жібергендіктен, менде отынды сатып алу көлемдері мол. «ҚазМұнайГаз» ЖМС жолда ыңғайлы орналасқанын айта кету керек. Акцияның басталғанын естігенімде, сол мезетте купондарды жинай бастадым. Ұтыс ойнын «Хабар» телеарнасынан бақыладым. Міне, навигаторлар мен бейнетіркеушітер ұтысқа салынды. Менде ештеңе шыққан жоқ. Жолдамалар ұтысқа салынғанда, көңіліп қалып, билеттерімді қоқысқа тастай салдым.

Дегенмен, теледидарлар билеттерінің нөмірлерін жариялағанда, оған билеттерді қоқыс жәшігінен қайта алуға тура келді.

Күлкілер еліне саяхат

Жаңа автокөліктер иегерлерінің қатарында төрт кәсіпкер, учаскелік, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, зейнеткер, жүргізуші, слесарь-электрик, үш менеджер және тұрақты жұмыстары жоқ төрт адам бар.

Теледидарларды, навигаторларды және бейнетіркеуіштерді ұтып алған компания клиенттері болса олардың көрсету сапасы мен тиімділігін бағалап та тастады. Ал Тайланд еліне жолдамаларды ұтып алған адамдар қызығы мол саяхатқа қаңтар айында аттанды деп отыр. Бұндағы қызметтер топтамасын да компания әзірлеп қойса керек. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС клиенттері Паттайя деп аталатын курортты қалада демалатын болмақ. Алайда, осы жолдамаларды ұтып алған 64 адамды тағы бір тосын сый күтіп тұр екен: жыландар фермасына тегін экскурсиялар, жыландар қатысуымен өткізілетін шоу, тастар мұражайы мен Нонг Нуч тропикалық бақшасына бару.

— Көрсетілген сенімділік үшін өзіміздің тұтынушыларымызға алғысымыз шексіз. Осы сеніммен бірге клиенттеріміздің саны да артады деп ойлаймыз. Өз тарапымыздан ең үздік қызмет көрсетіп, сапалы өнім ұсынатын боламыз. «ҚазМұнайГаз» ЖМС қызметінің басты мақсаты нақ осыны көздейді, — дейді «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Ғазиз Қошанов.

Компания басшылығы атап өткендей, осында ұйымдастырылатын ірі акциялардың бұл алғашқысы ғана. Алда «ҚазМұнайГаз» ЖМС клиенттерін әлі талай жағымды сыйлықтар күтуде!

Аргументы и факты, 2015 ж. 16 желтоқсан

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу