«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
02.02.2017
962 просмотров

Бүгін Тараз қаласында «ҚазМұнайГаз» өнімдері» компаниясы өкілдері тұтынушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Онда компания жұмысының оң өзгерістері айтылып, жанармайға қатысты сұрақтарға тиісті мамандардың жауабы тыңдалды.

http://taraztv.kz/kz/news/society/sapaly-onim-tutynushy-igiligine

Иә Қазақстан бойынша «ҚазмұнайГаз» ірі компаниялардың бірі десек болады. Республика бойынша 324 жанармай құю бекеттері мен 11 жеке мұнай базасы бар. Бұл дегеніңіз әр өңірді көбіне осы компания көлік отынымен қамтамасыз етіп отыр деген сөз. Сонымен қатар, Еліміздегі мұнай өнімдерінің сапасын тікелей бақылау жүйесін алғаш болып енгізді.

Роллан Сарсенбеков, «ҚазМұнайГаз» ӨНІМДЕРІ» ЖШС оңтүстік филиалдарының директоры

Біздің жанармайды қазір халық көп тұтынады. Өйткені сапасына баса мән береміз. Және әр бір келуші үшін жоғары қызмет түрін де ұсынамыз. Біз жаңа технологияларды игере отырып әрі қарай да, халық игілігіне жұмыс істеуді жалғастыра береміз

Өзге жанармай бекеттерімен салыстырғанда мұндағы жанармай бағасы да біршама төмен. Ал, сапасына келер болсақ, оны арнайы лобороторияда мамандар күніге зереттеуден өткізіп тұрады. Мұнан өзге, егер тұтынушылардың да өз ұсыныстары мен, айтар уәжі болса ол үшін «Колл» орталық байланыс нөмірі бар. Соған хабарласа отырып, мәселеңізді шеше аласыз. Бұл да халық пен аталған компания арасындағы тығыз байланыс. Ал, «ҚазМұнайГаз» ЖШС жанар-жағар май құю станцияларының ауқымын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ғалия Медетбекова, «ҚазМұнайГаз» ӨНІМДЕРІ» ЖШС сынақ өткізу орталығының директоры

Бізге шағымдар келіп түскен сол адамдарды лобороториямызға апарып барлығын тексеруден өткізіп береміз. Арнайы мамандар жанармай сапасы үшін де күніге зерттеу жұмысын өткізіп, шыққан қорытындымыен таныс болдып отырамыз.

Сондай-ақ, 2015 жылдың шілдесінен «ҚазМұнай Газ өнімдер» ЖШС жартысына жуық ЖМҚС жеке басқаруға тапсыру бойынша Қазақстандағы бірегей әріптестік бағдарламаны іске қосты. Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуға, өңіріміздің экономикалық жағдайын жақсартуға серпіліс беріп отыр.

Нұрдос Сембеков, Ерболат Дәулетәлі «Жаңалықтар қызметі»


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу