«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
29.12.2016
568 просмотров

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры Асылбек Кәрібаев біздің басылымға «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінің бүгінгі хал-ахуалы туралы, сондай-ақ оның компаниясы бөлшек сауда сегментінде ынтымақтастықтың қандай жобалары мен бизнес-үлгілерін енгізіп жатқандығын баяндап берді...

Анықтама:
Кәрібаев Асылбек Әмірханұлы 1977 жылы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақ газы» ҰМХК «Газснабтранс» корпорациясында экономист қызметінен бастады. Мұнай-газ саласында мол тәжірибесі бар.
2003 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» компаниясында Батыс филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 – 2009 жылдар аралығында «TH KazMunaiGaz» компаниясы өкілдігінің менеджері болды. 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. 2009 жылдың қазан айынан бастап «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның бірінші вице-президенті, ал 2010 жылдан 2015 жылдың қаңтар айына дейін – Президенті болды. 2015 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы маусымға дейін «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директорының кеңесшісі болып еңбек етті.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ын басқарып отырғаныңызға жарты жыл болды, Қазақстандағы ең ірі бөлшек ЖМҚС желісін басқару қиын емес пе?
- Біріншіден, бұл мен үшін жаңа жұмыс бағыты. Кез келген жаңа бағыт сияқты өте қызықты. Әрине, маған бұған дейінгі тәжірибем айтарлықтай көмектеседі.
Мен үшін жаңа қызмет – бұл маған деген сенімнің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар алдағы маңызды және жауапты жұмыс, бірінші кезекте біздің үлкен ЖМҚС желісінің тұтынушылар алдында, желіні мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету жауапкершілігі. Өйткені түпкілікті тұтынушымызбен біз қалай жұмыс істесек, солай жалпы «ҚазМұнайГаз» бренді туралы пікір қалыптасады.

Компания бүгінгі күні қандай активтерді басқарады?
- Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек желісі Қазақстан Республикасында ең ауқымды болып табылады және 321 жанар-май құю станциясын, 11 жеке мұнай базасын, бензин тасымалдауыштарының көлемді паркін, сондай-ақ іліспе бизнес нысандарын қамтиды. «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ еліміздің шалғайдағы аудандарында орналасқан.
Бұдан басқа, біз франчайзингтің жаңа жобасын бастадық, оған сәйкес біздің желімізге тағы да 4 ЖМҚС қосылды.

Қараша айында Сіздің желіңізде DODO бағдарламасы іске қосылды. Осы жоба туралы айтып берсеңіз.
- «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС DODO жобасын іске қосты, бұл франчайзинг схемасы бойынша «Әріптес иеленеді – Әріптес басқарады» дегенді білдіреді, танымал әрі белгілі ҚМГ брендімен ынтымақтастыққа жеке жанар-май құю станциялары, сондай-ақ шағын жеке меншік ЖМҚС желілері де шақырылады. Негізгі мақсат – ЖМҚС иелеріне «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру, ал бұл клиенттерді тартуға, ЖМҚС-та отын мен тауарларды сату көлемдерін арттыру үшін үлкен мүмкіндіктер, қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз сатуға болатын мұнай өнімдерін жеткізудің кепілдігі мен сенімді сапасы. Яғни, өзінің жұмыс істеп тұрған жеке станциясын тиімді басқару.
Бағдарламаның шағын бизнес үшін артықшылықтардан басқа, жалпы республика үшін оң факторлары бар, соның ішінде көлеңкелі айналымды төмендету, жол бойындағы қызмет көрсету мен мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту, салық алымын арттыру. 

2016 жылғы компания жұмысының нәтижелері қандай?
- 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2016 жылы сату көлемдері өсімінің 8 %-на қол жеткіздік. Сондай-ақ, Компания шығындарды 6 %-ға, трансформация бағдарламасының қорытындылары бойынша (CODO жобасы) – 4 %-ға оңтайландырды.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жыл сайын егін егу және астық жинау науқаны кезінде отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне субсидияланған дизель отынын жеткізудің операторы болады.
Жиып келгенде, біз компания әлеуметтік бағдарланған баға саясатын ұстанғанына қарамастан, оң экономикалық нәтижеге қол жеткіздік.
2016 жылы біз тұтынушыларымызға жаңа «ҚазМұнайГаз Клуб» бағдарламасын ұсындық, ол бойынша тұрақты клиенттеріміз мұнай өнімдерін жеңілдікпен сатып алады. Біздің баға белгілеу саясатымызды және қосымша жеңілдіктерді ескергенде, осы ұсынысты клиенттер жақсы қабылдады. Бағдарламада 80 000 тұрақты қатысушы бар. Осы бағдарламаны қолдау шеңберінде арнайы акциялар мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары тұрақты жүргізіліп тұрады. Жуырда біз 3 жол талғамайтын көлік пен 21 000 литр бензинді ұтысқа қойып, акция өткіздік. Ұтыс ойынына шамамен 30 000 адам қатысты.
Клубтық карта иелеріне арналған жеңілдіктерден басқа, компанияның қалауы бойынша туған күнге, мерекелерге, жергілікті, сыйлық түрінде, отындық және тағы да басқа – жеңілдіктердің бонустық жүйелері қарастырылған.
Біз клиенттерді тарту мен ұстап қалудың тиімді әдістерін тұрақты іздеп отырамыз. Түрлі ынталандыру акциялары мен іс-шаралар санын көбейттік.
2016 жылғы наурыз айында «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі Fortebank-пен бірлесіп, клиенттерге ұтымды ұсыныс жасады. ForteCard карточкаларының иелері «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да отынға төлем жүргізе отырып, төленген соманың 5 %-ы мөлшерінде жоғарылатылған CashBack (карточкаға ақша қаражатын қайтару) алады.
Осындай акция «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен де басталды, онда барлық «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да Mastercard HalykBank карточкаларымен төлем жүргізу кезінде 3% мөлшерінде бонустар есептеледі.
Осылайша, «ҚазМұнайГаз Клуб» бағдарламасы мен бірлескен акициялардың арқасында біз клиенттерге ең жақсы бағаны ұсынамыз.
Компанияның өз тұтынушыларымен белсенді жұмысын атап өткім келеді. Компания жыл сайын дөңгелек үстелдер ұйымдастырады, онда пікір алмасу өтеді, өндіріс пен отын сапасына қатысты мәселелер талқыланады. Айталық, осы жылдың маусым айында біз «ҚазМұнайГаз» нысандарында мұнай өнімдерінің сапасын бақылау мен сақтау» тақырыбына көшпелі семинар-кеңес өткіздік. Оның барысында автодилерлік желілердің, мемлекеттік органдардың өкілдеріне және журналистерге өз нысандарымызда мұнай өнімдерінің сапасын бақылау мен сақтауды жүзеге асыру процесін көрсеттік.
Сондай-ақ, биылғы жылы біз «Жібек жолы - 2016» ралли-марафоны, «Жеңімпаздарды мадақтау» автомобиль жарысы, Volkswagen Amarok автомобильдерінің тест-драйвы сияқты және басқа да іс-шараларды өткізуге жәрдемдестік.
Сонымен қатар, әлеуметтік сала, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу, спорт саласының түрлі ұйымдары да назарда тыс қалмай, оларға қолдау көрсетеміз. Айталық, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында халықтың көмекке мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдау бойынша «25 мейірімді іс» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Көмек «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қызметкерлерінің ерікті қайырмалдықтары есебінен көрсетілетінін айта өткім келеді.
Отын сапасы мен сервис деңгейі туралы айтатын болсақ, бір ғана мысал келтірейін. Қазақстандық тұтынушылар соңғы алты жыл ішінде «Қазақстандағы № 1 жыл таңдауы» ұлттық жобасында өз дауыстарын «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-на беріп келеді. Тұтынушыларымызға бізге көрсеткен сенімдері үшін алғыс білдіреміз. Өз тарапымыздан ең үздік сервис пен сапалы отынды ұсынуға уәде береміз. 

Өткен жылы желіңізде CODO бағдарламасы іске қосылды. Жоба қалай жүзеге асырылуда, сол туралы айтып берсеңіз. Бүгінде әріптестерге неше ЖМҚС берілді? Осы бағдарламаның нәтижелеріне көңіліңіз тола ма?
- «Компания иеленеді – дилер басқарады» дегенді білдіретін CODO бағдарламасын біз 2015 жылдың маусым айында іске қостық. Бұл ірі бизнес негізгі бизнес-процестердің бірі – мұнай өнімдерін халыққа сатуды аутсорсингке берудің Қазақстандағы алғашқы ауқымды жоба. Бағдарламаның міндеттері көп. Бір жағынан, ол республика өңірлерінде шағын және орта бизнеске бағытталған және экономиканың тиімді жекеше секторын құруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға жәрдемдеседі.
Жоба шеңберінде жоспарлағанымыздай, ҚМГ желісінің жартысына тең ЖМҚС-ны жекеше басқаруға бердік. Бүгінгі күні еліміздің түрлі өңірлерінде 110 кәсіпкер 150 «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ны табысты басқарып келеді.
Жобаның оң нәтижесі қазірдің өзінде көрініп тұр: отын сату көлемдері артты, шығындарды азайту түріндегі оң экономикалық тиімділік, қызмет көрсету сапасы жақсарды.
Бұл біздің ынтымақтастығымыз өнімді болуы үшін үлкен күш-жігер жұмсайтын әріптестер мен біздің компаниямыздың бірлескен еңбегі. Екі тарап – ұлттық компания және бизнес – мұнай өнімдерінің сатылымы көлемдерінің бұдан арғы арттылуына мүдделі. Біз басқаруға берілген мүлікке ұқыпты қарауды, «ҚазМұнайГаз» брендіне құрмет көрсетуді, мұнай өнімдерінің сапасын сақтауды, корпоративтік стандарттардың сақталуын күтеміз.
Әріптестердің өздерінің міндеттерін жосықсыз орындаумен байланысты белгілі бір қиындықтар да туындады. Барлық жағдай кезінде біз объективті әрекет жасауға тырыстық, бірақ, өкінішке орай, 8 Әріптес бізбен жұмыс жасауды аяқтады. Олардың орнына жұмыс істеп тұрған Әріптестерді, сондай-ақ тендер қорытындысы бойынша жаңа Әріптестерді де тарттық. 

Мұнай өнімдерінің сапасы – тұтынушылардың басты талабы. Нысандарыңызда мұнай өнімдерінің сапасын бақылау қалай қамтамасыз етіледі?
- Тұтынушыларға сапалы тауар мен қызметтер көрсету «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қызметінің стратегиялық бағыты болып табылады. Бірегей техникалық мүмкіндіктер мұнай базасында қабылдап алудан бастап МЖҚС-та сақтау мен сатуға дейінгі отын қозғалысының барлық кезеңдерінде сапаның тұрақты толассыз бақылауын көрсетеді.
Отын сапасының бақылануы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін компанияның сақтау және сату нысандарда ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарының сәйкестігіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу жүйесінде тіркелген, Астана, Алматы және Атырау қалаларында үш сынақ зертнаханасы жұмыс істейді. Олар Кедендік Одағы Техникалық Регламентінің және өнімге нормативтік құжаттамасының талаптарына мұнай өнімдерінің сәйкестігіне барлық сапалық параметрлерін қадағалауға мүмкіндік беретін және бөтен ұйымдарға мұнай өнімдерін сынақтан өткізу бойынша қызмет көрсете алатын бірыңғай техникалық бақылау жүйесімен жабдықталған.
Мұнай өнімдерінің сапасын бақылау процесіне зертхананың қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар өндірістік филиалдарының қызметкерлері де жұмылдырылған.
Жоғарыда көрсетілген мұнай өнімдерінің сапасын толассыз бақылау жүйесі, сондай-ақ өндірістік құрылымдарының мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, тасымалдау және беру технологияларын ұстану бойынша жүргізіп жатқан жұмысы түпкілікті тұтынушы үшін отын сапасының зауыттық параметрлерін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда жұмыс істеу аясын кеңейту мәселесінде компанияның стратегиясы қандай?
Алдағы жылдарға арналған компанияның даму жоспарлары?
- Компанияның стратегиялық жоспарында жуық арадағы перспективада франчайзинг схемасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жолымен өзінің жұмыс істеу аясын кеңейту жоспарланады. Дамудың басты құралы ретінде франчайзингке компанияның мол сенімі бар, келесі жылы соның есебінен ҚМГ желісін 25 жанар-май құю станцияларына кеңейту жоспарланады.
Қазіргі кезде осы бағдарлама шеңберінде «ҚазМұнайГаз» брендімен Қостанай қаласында 3 және Приозерск қаласында 1 жанар-май құю станциялары іске қосылды. Сондай-ақ, таяу арада Оңтүстік Қазақстан облысында франчайзинг желісін кеңейту жоспарланып отыр. Осы екі өңірде біздің нысандар аз жұмыс істеді және осы мәселе дамудың басты міндеті болды.
Жалпы, Компания қарқынды даму және инновациялар жолымен келе жатыр, атап айтқанда, біз ЖМҚС-та қазіргі заманғы төлем жүйелерін қолдануға бағытталдық. Мұнай өнімдерін сату нарығы қазіргі заманғы онлайн-технологиялары үшін баяғыдан-ақ пісіп жетті. Ескі жүйе клиенттердің, ЖМҚС иелерінің қазіргі қажеттіліктерін толық өтемейді.
Төлем жүргізудің жаңа электрондық әдістеріне көшу клиенттер үшін жаңа бірегей қызметтерді дамытудың кең мүмкіндіктер ашуда: отынға жеңілдіктердің тиімді жүйесі, қаражаттың едәуір үнемделуі, арнайы акциялар мен ұтыс ойындарына қатысу.
Айталық, бүгінгі күні қағаз талондарын ығыстырып, отынға төлем жүргізудің ең танымал және тиімді әдістерінің бірі болған отындық карталары, олар қолма-қол ақшасыз есептеудің анағұрлым жетілдірілген құралы болып табылады. Қағаз талондарының айқын кемшіліктері оларды орынсыз жұмсау, шығындарға бақылаудың жоқтығы және бухгалтерлік есептіліктің қиындығы болып табылады.
Осылайша, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап біз қағаз талондарын пайдаланудан бас тартамыз.
«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі клиентттерге отын карталары бойынша қызмет көрсету жүйесін бұрыннан табысты қолданып келеді. Компанияда отын карталары бойынша сатылым көлемдерінің үлесі үнемі ұлғаюда.
Мұнай өнімдерін карталарда сақтау ақшалай баламада, сондай-ақ отындық әмияндарда жүзеге асырылады. Картаның елеулі артықшылығы – оны Қазақстан Республикасының барлық аумағында пайдалану мүмкіндігі. Бұдан басқа, клиенттердің ыңғайлығы үшін мобильдік қосымшаның Жеке кабинеті және www.azskmg.kz сайты арқылы «ҚазМұнайГаз Клуб» отын картасын онлайн-толтырудың қызметі қолжетімді.
Бұдан басқа, біз озық батыс стандарттарына сәйкес салынған дүкендердің жаңа форматын іске қосуды жоспарлап отырмыз, оған осы саладағы мамандар шақырылады. Биыл біз пилоттық жоба шеңберінде үздік деп танылған ЖМҚС-та осындай 20 дүкенді іске қосамыз деп болжамдаймыз. Кейіннен осы жобаны барлық желі шеңберінде енгізу жоспарланады.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу