«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
20.09.2016
625 просмотров
Мұнай өнімдерін іске асыру саласындағы болашақ технологиялар

Бүкіл дүниежүзінде түрлі салалардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін адамдардың басым көпшілігі пластикалық карталарды қолданады. Соның ішінде жанармай құю станцияларында бензин мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу де мұндай тәсілмен жүзеге асырылады. Бөлшек сауда нарығының жетекші қатысушылардың барлығы дерлігінде өз отын картасы бар.

Әуесқой автомобильшілер бензин сатып алған кезде барлық қолданыстағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қашанда қаражат үнемдеудің тәсілін іздейді. Кейбір адамдар дәстүрлі тәсілдерді пайдаланады, мысалы, белгілі бір мерзімге жететін жанар-жағармай материалдарының жеке қорын қалыптастырады. Бірақ штатында ондаған автомобильдері бар біраз компаниялар үшін мұндай тәсіл ыңғайсыз болады. Бұл жерде қазіргі заманғы технологиялар көмекке келеді, атап айтқанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға мүмкіндік беретін арнайы отын карталары. Алайда, бұдан басқа бензинге берілетін талондар бар – бұл осы күнге дейін қолданылатын салыстырмалы түрде ескіріп қалған технология. Осы екі нұсқа арасында ерекшеліктер баршылық, оларды салыстыру дұрыс таңдау жасауға септігін тигізеді. 

Бүгінде отын карталары қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жетілген құралы болып табыла отырып, қағаз талондары ығыстыруда. Қағаз талондарының айқын кемшіліктері оны мақсатсыз пайдалану ықтималдылығы, шығыстарға бақылаудың жоқтығы және бухгалтерлік есептілікті қиындатуы болып табылады.
Талондарды өткізу процесінің түрлі кезеңдерінде теориялық негізде қандай да бір пайда табу мақсатымен әдейі жасалған іс-қимылдар болуы мүмкін. Айталық, талондардың мақсатты жұмсалуына бақылаудың жоқтығына байланысты қызметкерлердің ұйымға тиесілі талондарды үшінші тарапқа беру ықтималдығы жоғары. 

Қағаз талондарын пайдаланудың кезекті кемшілігі талон бланкілерінің ұрлануы және жоғалуының жиіленіп кеткен жағдайлары болып табылады, оларды блоктау үшін ұйымдар жазбаша жүгінуі қажет, талондарды блоктау өтініш хат тіркелгеннен кейін бірнеше күн ішінде жүзеге асырылады. Жанармай құю станцияларында жоғалған немесе ұрланған талондар бойынша мұнай өнімдерін іріктеудің тәуекелдері блоктау жүзеге асырылған сәтіне дейін сатып алушыға жүктеледі, бұл белгілі бір қаржы шығындарына әкелуі ықтимал. 

Бұдан басқа, блокталған талондарды қалпына келтіру талондардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі. 

Отын карталары бойынша қызмет көрсетілген кезде осы тәуекелдер мұнай өнімдерінің мақсатты жұмсалуын бақылау мүмкіндігінің болуы және отын картасын блоктаудың жеңілдетілген процесі есебінен жоққа шығарылады.

Осылайша, отын карталары – бұл отынның кез келген түрін құйып алуға, үнемдеуге және сатып алушылардың шығындарын бақылауға мүмкіндік беретін отын сатып алудың қазіргі заманғы және сенімді тәсілі. 

Ірі компаниялардың көбісі өз жүргізушілеріне қолма-қол қаражат бөлудің орнына отын картасын сатып алғанды жөн көреді. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бүкіл операциялардың ашықтығын барынша қамтамасыз етеді, өйткені бухгалтерияда карта бойынша барлық операциялар үнемі көрініп тұрады. Бұл ретте қаражаттың бір бөлігін жеке пайдалануы үшін сақтап қалу мақсатында жүргізушілердің анағұрлым төмен баға бойынша сатылған сапасыз отынды құйып алу мүмкіндігі толығымен жоққа шығарылады. Елеулі үнемдеуге қол жеткізіледі, өйткені ірі көлемдегі отын белгіленген баға бойынша бір рет сатып алынады, одан кейін ұзақ мерзім бойы жұмсалады, бұл ретте жанар-жағармай материалдары құнының өзгерістері пайдалану үшін қолжетімді көлемге әсер етпейді.
Осы себепке байланысты көптеген жеке тұлғалар есептеудің осыған ұқсас құралын пайдаланады. Мысалы, отын картасы өзіндік бір виртуалды отын қоймасына айналды. Онда алдын ала сатып алынған жанар-жағармай материалдарының көлемі туралы ақпарат сақталады және әрбір бензин құйып алу кезінде жұмсалған литрлер автоматты түрде есептен шығарылады. 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық төлем жүйесін пайдалану корпоративтік клиенттер үшін алаяқтық фактілерінің азаюы және мұнай өнімдеріне есеп айырысу қауіпсіздігінің артуы есебінен отынға шығындарды 30 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде алыс және жақын шетелдерде NFC технологияларын пайдалана отырып, жанармай құю станцияларында отынға ақы төлеудің контактісіз жүйелер барынша қолданылуда. NFC-антенна орнатылған арнайы SIM картасы бар телефонды жанармай құю бағанындағы есептеу қондырғысына жақындатсаңыз болғаны, жанармай құю станцияларының басқару жүйесі резервке қойылған сома шеңберінде отынның қажетті көлемін автоматты түрде береді. Контактісіз төлемдердің технологиясы есеп айырысуды жүргізудің үдемелі әрі ыңғайлы технологиясы болып табылатыны сөзсіз, оның негізгі артықшылықтары – бұл жеделділік пен автономдық. 

Мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыратын компаниялардың өкілдері атап көрсеткендей, соңғы уақытта отын карталары бойынша сату көлемдері бірнеше есеге артылды. Дегенмен, отынға берілетін талон автошаруашылықтар үшін әлі де үйреншікті болып қалуда, сондықтан мұнай өнімдеріне қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәсілі шағын компаниялар арасында көп таралған болып табылады. 

Отын компаниясы талон жүйесін пайдалану процесінде тап болатын барлық елеулі кемшіліктерін карточка жүйесін енгізу арқылы жоюға болады, бұл ұзақ жылғы тәжірибемен дәлелденген.

Қазақстан нарығының ең ірі қатысушыларының бірі «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциялары отын карталары бойынша клиенттерге қызмет көрсетудің жүйесін бұрыннан бері табысты пайдаланып келеді. Карталарда мұнай өнімдерін сақтау ақша баламасында, сондай-ақ отындық әмияндарда жүзеге асырылады. Картаның ең басты артықшылығы – оны Қазақстан Республикасының барлық аумағында пайдалану мүмкіндігі. 

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясының мұнай өнімдерін өткізу департаментінің директоры Юлия Жернакованың айтуы бойынша, «ҚазМұнайГаз» отын картасының ерекшелігі қызмет көрсетудің қарапайымдылығы, қауіпсідігі мен жылдамдығы ғана емес, сондай-ақ отынға шығындарды азайту мүмкіндігі болып табылады. Компания үшін карта автопаркті ұстаудың шығындарын бақылау, талдау және жоспарлаудың аса тиімді және нақты құралына айналады. «Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы карталық жүйенің және талондардан бірте-бірте бас тартудың артықшылықтарын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп жатыр», - деп қосты Юлия Жернакова. 

Осылайша, жаңа технологиялық тұғырнамаларға көшу клиенттерге көрсетілетін жаңа бірегей қызметтерді дамыту үшін көптеген мүмкіндіктерді ашады. 

Таңдау өзіңізде!

Дереккөз - Kazenergy №4 (77) 2016

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу