«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
25.12.2014
820 просмотров
Қазақстанда өнер, спорт, медицина және бизнес саласындағы ең үздіктерін марапаттады. Алматыда жыл сайынғы он бесінші «Жыл адамы» және «Жыл таңдауы» сыйлығын иеленушілерді құттықтау салтанаты өтті. «№ 1 АЖҚС жүйесі», «№ 1 Жанармай» номинацияларында соңғы 4 жыл қатарынан тұтынушылар белсенді дауыс берген «ҚазМұнайГазӨнімдер» компаниясы ие болып отыр.
Лауреаттарды таңдау кезінде беделді әділқазылар қатысушылардың өз салаларындағы көшбасшылығын белгілей отыра ретроспективтегі және қазіргі кездегі жетістіктерін ескереді және сонымен қатар тұтынушы үшін ең үздіктің атағына ұсыныс жасайды.

Биылғы жылдың жеңімпаздарын іріктеу, әдеттегідей, Қазақстанның негізгі аймақтарындағы тұрғындар пікірінің әлеуметтік сауалдамасын жүргізуден басталды. Әлеуметтік сауалданамалармен қатар, қатысушылармен ұсынылған мәліметтерге, жеке кәсіби тәжірибеге, дегустациялар, сынаулар және сараптамалар нәтижелеріне негізделген сарапшылардың дауыс беруіде орын алды.

Бұдан кейін ұйымдастыру комитеті алынған нәтижелерді талдап, оларды дауыс беруге арналған арнайы бюллетеньдерде жүйеге келтірді. Айта кетерлігі, қазылар алқасы қол жеткізілген нәтижелерге сүйене отырып, өз бағаларын шығара бастады. Жеңімпаздың атын анықтау бір-бірінен тәуелсіз бағалау комитеттерімен бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылып, осылайша, таңдаудың әділдігі қамтамасыз етілді. Дауыс берудің қорытындылары соңғы кезең барысында шығарылса, марапаттау аталмыш іс-шараның шарықтау шегіне айналды.

Жыл сайын таңдау нәтижелері міндетті аудитке ұшырайды. Әр жылдары жоба KPMG, PriceWaterhouseCoopers, Deloitte&Touche, Eltal Uveman Consulting, BDO Казахстанаудит компанияларының аудитінен сәтті өткен болатын. 2014 жылы жобаның ресми аудиторы болып"BаkerTillyKazakhstan» компаниясы атанды.

«Жыл таңдауы» қоғамдық-ұлттық жобасы 2000 жылдан бастап жүзеге асырылады. Халықаралық мәрбені иелен отырып, ТМД-ның бес елі: Қазақстан, Қырғыстан, Украина және Беларусь Республикасында өтеді.

Авто жанармай құю станциялары жүйелерінің тартымдылығы неде, олардан тұтынушылар нені күтуде?

«Компанияның тұтынушылары үшін ең алдымен бензин сапасы, бағаның сәйкес келуі, заманауи қызмет көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Бұл үш фактор „ҚазМұнайГаз“ АЗС жүйесінде қарастырылған. Біз тұтынушыларымыздың бізге артқан сеніміне ризашылық білдіреміз және ұсынылып отырған қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», — деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің бөлшек сату жөніндегі Бас директорының орынбасары Ерлан Жаукин.

Қазір «ҚазМұнайГаз Өнімдерінің" бестен астам компаниялары Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімдерін үздіксіз және сенімді тасымалдау қызметін тұрақты орындай отырып, Қазақстан мұнай өнімдерінің нарығында сәтті әрекет етеді.

Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» АЖҚС жүйесі Қазақстанның барлық аумағында орналасқан және ілеспелі бизнесі шағынмарттар, көлік жуу орындары, ТЖО және кафе нысандарымен жабдықталған 340 АЖҚС-ті қамтиды.

Жанармайдың сапасына тиімді бақылау жүргізу үшін мұнай өнімдерін нормативті талаптарға сәйкес бағалауға арналған зертханалық сынақтар жүргізілетін жеке зертханалардың жүйесі құрылды.

Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы сынақ зерханалары Қазақстан Республикасы аккредиттеудің мемлекеттік жүйесінде тағайындалып, ILAC құрылымына кіретін Кеден одағы мен халықаралық зертханалардың сынақ зертханаларының тізіміне енгізілген.

«ҚазМұнайГаз Өнiмдерi» ЖШС АЖҚС-ке толық жаңарту жұмыстарын жүргізуде, жанармай құю бекеттерінің жүйесін кеңейтуде, мұнай өнімдерінің сапасына бақылау жүргізуде, жалғасатын қызметтің аясын кеңейтуде, жанармай карталарын, ақшасыз есептеу жүйесін сәтті жүзеге асыруда. Сарапшылар компанияны мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы көшбасшысы деп бағалайды.

Дерек көзі: Казахстанская правда
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу