«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
27.03.2015
783 просмотров
Қазақстанға ресейлік жанармайды жеткізуге тыйым салуды енгізуге байланысты бензин тапшылығы ішкі нарыққа әсерін тигізбейді. Ол туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары Ерлан Қойбағаров Tengrinews.kz тілшісіне берген ресми сұхбатында хабарлады.
Сұхбаттасушының айтуы бойынша, тыйым салуды енгізу уақытынан бастап 45 күннің жартысы өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның зауыттары мен мұнай базаларында шамамен екі айға жететіндей бензин мен дизельдік отынның қоры сақтаулы. Бұл 415 мың тонна АИ-92 бензині және 120,5 мың тонна дизельдік отын. ҚМГ -да жанар-жағармай материалдарын сақтау бойынша аймақтардың ішінен Астана (49 мың тонна АИ-92 және 63,5 тонна ДО) және Алматы облысы (44,5 мың тонна АИ-92 және 55,3 мың тонна ДО) алда тұр.

«Біздің МӨЗ Шымкенттегі PetroKazakhstanOilProducts зауытының жоспарлы күрделі жөндеуге байланысты тоқтап тұруына қарамастан тәулік сайын 4,7 мың тонна АИ-92 бензинін және 9,2 мың тонна дизельдік отынын шығаратынын ескерсек, қор тез арада толтырылатын болады. Яғни, бізге бензин тапшылығынан қорқудың қажеті жоқ»,- деп түсіндірді Қойбағаров.


Импорттауға қойылған шектеу мен бензин тапшылығын сипаттай отыра, спикер сондай-ақ, биылғы жылы Ресейден баж салығынсыз жеткізілетін мұнай өнімдерінің көлемі 840,2 мың тонна АИ-92 бензині мен 520 мың тонна дизель отынын құрайтынын айтты. Сонымен қатар, бұл көлемдер 12 айға есептелген. Бірақ ақпан айының соңында бұл көлемнен 350 мың тонна АИ-92 бензині және 100 мың тонна дизельдік отыны жеткізілді. " Осындай қарқында сақталса, жазға дейін барлық баж салығынсыз көлемдер «таңдалып», нағыз «ыстық" айларда Ресейден отын жеткізуге байланысты кідірістер болуы мүмкін еді. Нәтижесінде, қатардағы автомобильшілер сияқты жалпы алғанда мемлекет те зардап шегуші еді» — деп түсіндірді ҚМГ-ӨМ маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары.

Қойбағаров ресей бензинін жеткізуге тыйым салу бірнеше міндеттерді шешеді деп түсіндірді. «Бәрінен-де ол жаппай бақылаусыз жеткізуді қысқартады және оперативті маневр мүмкіндігін алу үшін қатарынан Қазақстанның бірен-саран резервуарларын және мұнай базаларын босатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің зауыттар жаңғырту аясындағы ауқымды құрылыс жұмыстарына қарамастан үнемі жұмыс істейтінін ұмытпағанымыз дұрыс болар. Жаппай импорттауға байланысты осы жылдың басында резервуарларда тауарбастылық басым болды, әсіресе, МӨЗ мен мұнай базаларында. Зауыттар көп емес 10–12 пайызға кемітуге өндіріс бағытын дұрыстады. Бірақ бұл қайта өңдеу көлемін өзгерпейді және зауыттар бекітілген қуаттылықты төмендетпейді»,-деп түсіндірді сұхбаттас.

Өткенде кейбір қазақстандық сарапшылар тыйым салу қайтадан бензина тапшылығын тудырады және Қазақстанда бензин мен дизельдік отын бағасының өсуіне әкеп соғады деп мәлімдеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу