«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
19.05.2015
953 просмотров
Бірінші рет Қазақстанда жанармай құю станцияларын мемлекеттік брендпен жеке тұлғалар басқара алады. «ҚазМұнайГаз -өңдеу және маркетинг» мұнай өңдеу компаниясы серіктестік бағдарламасын ашады, соған сәйкес осы жылдың соңына дейін республиканың әртүрлі өңірлеріндегі жанармай құю станцияларының тең жартсын жеке меншікке беру жоспарлануда.
Бұл туралы біздің баспасөзге «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» еншілес компаниясы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ның (ҚМГӨ) бас директоры Геннадий Морозов берген сұхбатында айтты.

Геннадий Петрович, компанияның жаңа жобасы туралы айтып беріңізші. Қандай міндеттерді ол іске асыра алады?

Бағдарламаның міндеттері көп. Бір жағынан ол республика өңірлерінде шағын бизнесті қолдауға бағытталған және экономиканың жеке меншік секторын құруға, мемлекеттік — жеке меншіктік серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы мемлекет Басшысының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Кәсіпкерлер әрекет етуші ЖМС басқаруға мүмкіндік алады, ал компания жалпы жүйенің дамуына бар күшін салады.

Тағы бір маңызды жағдай бар. Қоғамның санасында жалпы ЖЖМ нарығында, компанияның жабылуы туралы орнықты таптаурын қалыптасқан. Серіктестік бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ашықтығы туралы бәріне айғақтайды.

Мемлекттік компания ретінде, біз тұтынушаларға да, сондай-ақ жеткізушілерге-де отын нарығындағы ойынның айқын және түсінікті ережелерінің белгіленуіне мүдделіміз. Біз басқа да қатысушылар үшін бағыт-бағдар болғымыз келеді және серіктестік бағдарлама осыған мүмкіндік береді.

Серіктестік бағдарлама — бұл сіздің ноу-хау ма?

Мүлдем олай емес. Жаңа бағдарлама жұмысының басты принципі- CODO, «CompanyOwned — DealerOperated» деп шифрленеді, яғни, бұл «Компания иеленеді — дилер басқарады» дегенді білдіреді.

ҚМГӨ автожанармай станциясы жүйелерін (ЖМС) басқару саласында әлемдік тәжірибені енгізеді. ЖМС қызмет көрсету бойынша міндеттер жеке меншік қолына беріледі, бірақ отын беретін ұйымның брендімен өткізіле береді. АҚШ-та осыған ұқсас схема бойынша ExxonMobil, Shell, Chevron, Еуропада — Лукойл, Ромпетрол, ал Ресейде — Лукойл, Shell және басқа да компаниялар жұмыс істейді.

Мысалға, АҚШ-та, мұнай компаниялары бөлшек сауда активтерін басқарудан құтылды және бар назарларын өндіру мен өңдеуге ғана салады. Бізде басқа мәселелерге — өткізуге, логистикалық опарацияларға, мұнай базасы шаруашылығына көңіл бөлуші едік.

Барлық аталған компаниялар өз елдерінде мұнай өнімдерін өндіру және өткізу бойынша көшбасшы болып саналады. Ал ҚМГӨ Қазақстандағы алатын орны қандай?

Бүгінде ұлттық мұнай компаниясы логотипімен ЖМС жүйесі 320 -дан астам объекті бар деп есептейді, соның ішінен 12 ГЖМС, сондай-ақ 11 мұнай базасы. Ол бүкіл елімізді қамтиды. Қазақстандық автоәуесқойлар қандай бағытта қозғалса да сол жерде өз автокөліктеріне біздің жанармай құю станцияларымыздан жанармай құя алады.

Сонымен бірге бір ЖМС отын өткізуді қайта есептегенде 2009 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта 2 есе өскен. Біздің мұнай өңдеу зауыттарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеудің арқасында сапалы мұнай өнімдерін тұрақты жеткізу кепілдігі қамтамасыз етілді.

Егер сервис-деңгейі мен сапасы туралы айтсақ, бір ғана фактіні мысалға келтірейін. Соңғы төрт жыл ішінде «Қазақстандағы № 1 жыл таңдауы» ұлттық жобасында «Үздік ЖМС жүйесі» және «Үздік отын» номинацияларында ҚМГӨ жеңіп шықты.

Біз біздің серіктестеріміз бағдарлама бойынша осы жоғарғы тұғырды ұстай отыра бұдан да әрі клиенттердің сұранысына үлкен қамқорлықпен қарайтынына және сервис мәселелерін реттейтініне біз сенімдіміз.

CODO бағдарламасын іске асыру процесі қалай көрінеді?

Қазіргі бөлшек сауда арқылы өткізу моделінен айырмашылығы шағын және орта бизнес өкілдері тасымалдау, сақтау, өткізу және ЖМС дамыту сияқты барлық мәселелерімен жекпе-жек қалғанда, жаңа ынтымақтастық нысаны кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. ЖМС жүйесінің қожайыны бола тұра, компания станцияларды оперативті басқаруды шағын бизнестегі серіктестердің қолына береді.

Осы өңірдегі орташадан төмен тәуліктік орташа сатылымы бар, тиімді, тұрақты пайда әкелетін ЖМС беріледі. Сондай-ақ алыстағы басқаруға қиын автожанармай құю кешендері беріледі. Кәсіпкерге мұнай өнімдеріне жеке меншіктілік құқығы берілмейді. Іс жүзінде біздің тауарды сатып, бізге, ақшасын қайтару үшін біз кәсіпкерді жалға аламыз. Бұл оның негізгі міндеті.

Екіншісі — ұсынылатын қызмет сапасы өзгермеген кезде корпоративтік стильді бұзбау және оны бұрыңғы-деңгейде сақтау. Аумақты, сауда залдарын, жұмыс істеуші ОСК және басқаларды жинап, тазалау кәсіпкердің жауапкершілігіне жатады. Барлық капиталдық шығындар, инвестициялар- компанияның міндеті.

Кез келген кәсіпкер ҚМГӨ -ге келіп өзіне ұнаған ЖМС таңдай ала ма?

Барлығы 150 автожанармай құю станциясын тендер өткізу жолымен беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге талапкердің кәсіпкерлік қызмет ету саласында белгілі бір білімі және тәжірибесі болуы керек. ЖМС жұмыс істеу тәжірибесі болу міндетті емес. Дегенмен, персонал өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлімінде оқыған және білікті болуы керек. Тиісті сертификаттарсыз өтінім қарастырылмайды.

Бір немесе үшеуден аса станцияны басқару шарттары 2019 жылға дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігімен ұзақ мерзімге 2017 жылдың соңына дейін жасалады. Көрші Ресейлегі «ЛУКОЙЛ» компаниясы мысалға, бір кәсіпкерге тек бір ғана ЖМС береді, сирек жағдайда ғана -екі станция береді. Басқарма штат кестесі мәселесін және қызметкерлер жалақысының шығындарын өзі шешеді.

Қосымша, ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 97-42-44, 97-99-25 (ұйымдастыру мәселелері бойынша), +7 (7172) 97-42-70, 97-42-71 (сатып алу процедурасы бойынша), 9911, 8 (800) 080 22 22 (callcenter), және «Управляй АЗС CODO» айдарында www.azskmg.kz сайтында. Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз!

Сонымен бірге отын сапасы бұзылмай ма?

Компания жеке кәсіпкерлер басқаратын ЖМС -дағы отынның және көрсетілетін қызметтің сапасын бақылап отырады. Сапаны бақылаудың толық тізбегі сақталады: ҚМГӨ мұнай базаларына вагон -цистерналарда келетін мұнай өнімдерін қабылдау — тапсыру анализі, мұнай базаларының резервуарларына мұнай өнімдерін қабылдаудан кейінгі бақылау анализі, ЖМС -ға автоцестерналарда келетін өнімдерді қабылдау-тапсыру анализі. ЖМС-ның жеке меншік иесі болып компания саналады. Ол өз өнімінің сапасын қамтамасыз етеді және оған кепілдік береді, сондай-ақ оның бағасын белгілейді.

Кәсіпкер табысты қандай жолмен көреді?

ЖМС- дағы шығыстардың көп бөлігі — бұл қызметкерлердің жалақысы.

Жеке кәсіпкер бұл шығындарды өзіне алады. Ал егер үнемдегісі келсе -өзі жұмыс істейді, отбасын, өз жұмыскерлерін жұмылдырады. Ол ЖМС-да адамның қанша жұмыс істейтінін еңбек заңнамсының нормаларын сақтай отыра, өзі белгілейді. Отынға жатпайтын тауарларды сатудан және ЖМС -дағы қызмет көрсетуден түскен пайданы кәсіпкер өзіне қалдыруға құқылы.

Сондай-ақ кәсіпкер әрбір литр өткізілген жанармайға сыйақы алады. Оның мөлшері әрбір станция бойынша — өткізу көлеміне және аймағына байланысты есептеледі. Оператор неғұрлым көп сатса, соғұрлым көп алады. Сонымен қатар оған жанармайды өткізу көлемінің белгіленген диапазонынан аса қосымша сатқаны үшін жеке сыйақы төленеді.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» -нің серіктесі болу — абырой ғана емес, сондай-ақ шынымен пайдалы. Ал егер сіз іскер, жігерлі және өзіңізге сенімді болсаңыз, сізді бағдарламаға қатысуға шақырамыз!

Дерек көзі: www.zonakz.net
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу