«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
12.06.2015
754 просмотров
Астана. 12 маусым.ҚазТАГ. Шілдеде Қазақстанда авто жанар-жағар май құю станцияларын (АЖҚС) жекеменшік басқаруға беру бойынша бағдарлама басталады. Қазір оған қатысушыларға тендер процедурасы жүргізілуде. Жақында алғашқы қорытындылары шығарылады. Бағдарламаны іске асыру барысы туралы агенттікке «ҚазМұнайГаз өнімдері» қор және логистика басқармасы департаментінің директоры Бақытжан Тасанбаев айтып берді.
— Бағдарламаның мақсаты туралы айтып беріңізші.

— Бағдарлама «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өзгеруі аясында жүргізіліп жатыр, оның негізгі мақсаты — шығындарды оңтайландырып, орта және шағын бизнесті қолдау. Жаңа бағдарламаның жұмысының басты принципі — CODO (Company Owned Dealer Operated — ҚазТАГ), ол дегеніңіз, «компания иелік етеді — диллер басқарады» дегенді білдіреді. Біз автомайқұю стансаларының желісін басқару саласында әлем тәжірибесін енгізудеміз. Бұл ретте АЖҚС жеке меншікке берілмейді, компания меншігінде қалады, мұнай өнімдерін жалғыз жеткізушісі «ҚазМұнайГаз өнімдері» б олып қала береді. Сапа зардап шекпейді, себебі аккредиттелген зертханалар бензин мен дизель отынына басқа да кез келген «ҚазМұнайГаз» маркалы АЖҚС-тағыдай талдама жүргізе береді.

— Сіздер тиімділік ауыртпалығын шағын бизнеске жүктеп отырған жоқсыздар ма?

— Кез келген бизнестің кірістілігі көптеген факторлардан құралады. Көп жағдайда ол кәсіпкерлік қабілеттің барлығына және шағындар-деңгейін төмендетуге деген ұмтылысқа байланысты. Өз қызметкерлеріне бақылау жасау да маңызды. Сондықтан да жеке меншік иесіне ірі бизнес серіктестерге қарағанда бір немесе бірнеше жақын АЖҚС-тарды басқару оңай. Дүкендерден түсетін кіріс қосымша фактор бола алады — АЖҚС-ты айтпағанда, тіпті, шағын ауылдағы дүкен-де пайдалы екені белгілі. Жанармай құю станцияларының трассалардың бойында және ауылдард, а екенін ескерсек, басқарушының кірісі ауданда орташадан жоғары болатынын сеніммен айтуға болады. Жалпы алғанда басқаруға берілетін АЖҚС-тардың 97%-дан астамы бүгін-де тиімді. Тек ауыл әкімдерінің өтінішімен салынған бірнеше АЖҚС-тар ғана әлеуметтік мәртебесінде. Бірақ «ҚазМұнайГаз Өнімдері» қажет кірістілікпен барлық серіктестерді қамтамасыз етуге дайын.

— Бағдарламаға қатысуға қай өңірлер көбірек қызығушылық танытуда?

— Қоңыраулар барлық өңірлерден түсіп жатады және қандай да біреуін баса айту қиын. Ең белсендісі, әрине, Алматы болып табылады. Сондай-ақ Ақтөбе мен, Ақмола облыстары белсенділік танытады.

— Бағдарламаға қатысушылар туралы айтып беріңізші. Олар кімдер?

— Бізге әртүрлі жастағы адамдар жүгінеді. Олардың бағдарламаға қатысу мақсаты және сан алуан. Әлдекімді келісім мерзімдері көбірек қызықтырады, әдетте, бұл табыс табу тұрақтылығы қажет орта жастағы адамдар. Біздің 2 жылға ұзарту мүмкіндігі бар 2017 жылдың аяғына дейін жасалатын келісімдер серіктестерге ортамерзімдік перспективада табыс тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жастау қатысушыларға табысты арттыру мүмкіндігінің өзі және стартқа арналған қажетті қаражат сомасы қызықты.

— Ықтимал қатысушыларды не уайымдатады?

— Бүкіл мәселені екі топқа бөлуге болады: ашық тендерге қатысу мәселелері және бағдарлама жөніндегі мәселелер. Бірінші топтағы мәселелер стандартты және «Самұрық-Қазына» қорының ережелеріне сәйкес сатып алулар рәсімдеріне қатысты — порталға қалай тіркелу керек, байқау құжаттамасын қалай алу керек және т.б. Екінші топ бағдарламаға тікелей қатысты. Сыйақы төлеу бойынша сұрақтарға біз төлемдердің ай сайынғы негізде, ағымдағы айдағы АЖҚС сатылым көлемімен тепе-тең болатынын түсіндіреміз. Литрге арналған мөлшерлеме тендер қорытындысы бойынша анықталатын болады. Ықтимал қатысушыларды сонымен қатар сатылымның қойылған жоспарлары қызықтырады. Белгіленген жоспардың асырыңғы болып табылмайтынын нақтылаймыз, өткен жылдары АЖҚС жанармайды қарастырылған жоспардан көп сатқан.

Дереккөз: www.kaztag.kz
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу