«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
03.09.2018
283 просмотров
Чемпиондарымызды мақтан тұтамыз!

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» құрамасы ҚМГ компаниялары тобының Спартакиадасында лайықты деңгейде өнер көрсетті.

«Мұнайды тасымалдау және өңдеу» Дивизионы намысын қорғауға барған спортшыларымыз спорт жарыстарының бес түріне қатысып, оның үшеуінен компания мүшелері чемпион атанды!

Бұл ретте үстел теннисінде біздің құрама ойыншылары алға шығып, жеңімпаз атанды – тартысты ойындардан кейін әйелдер және ерлер есебінде алтынды Индира Қожахметова мен Темірлан Ескендіров жеңіп алды.

Әйгерім Алпысбаева өзінің шахмат ханшайымы деген атағын кезекті рет дәлелдеп, осымен үшінші рет Спартакиаданың құрмет тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді.

Құраманың қоржынына тағы бір алтынды Бақытбек Дарменов әкелді. Ол тоғызқұмалақ ойынында үздік болып танылды.

Чемпиондарды құттықтаймыз!

Біз өз құрама командамызбен мақтанамыз!

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу