«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
06.07.2018
234 просмотров

Шілденің 6-нан бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде акция басталып, оның шеңберінде клиенттер отынға қолма-қол ақша төлеген кезде жеңілдік алады.

АИ-92 маркалы бензиннің 20 литрінен астамына қолма-қол қаражат төлеген кезде жеңілдік әрбір литрден 3 теңгені құрайтын болады.

Осылайша, Компания өз клиенттерінің мүддесіне деген бейімділігі мен адалдығын кезекті рет көрсетіп отыр және Сіздерді елорданың 20 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

Анықтама: Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда желісі жанармай құю станцияларының 340 астамын қамтиды, олар тек қалалар мен республикалық маңыздағы негізгі жолдарда ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде орналасқан.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу