«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
11.07.2018
375 просмотров
«ҚазМұнайГаз» басшысы Атырау кассирлерін марапаттады

Жуырда ЖМҚС-да әйелді босандырып алған атыраулық кассирлер Жайнагүл Құрманбекова және Тоқжан Орынбасарова «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев атынан алғыс хаттарын алды.

Мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов алғыс хаттарын салтанатты түрде тапсыра отырып, жұмыскерлердің сауатты және айқын іс-әрекеттерін, сондай-ақ көрсетілген батылдығы мен тапқырлығын тағы да атап өтті.

Осыдан бұрын Атырау маңындағы ЖМҚС-да кассирлер Ж.Құрманбекова және Т.Орынбасарова қаладағы медициналық орталыққа дейін жетіп үлгермеген босанатын әйелге практикалық көмекті дұрыс ұйымдастыра алғандығын еске саламыз.

- Біздің қатарымызда осындай батыл адамдардың жұмыс істейтіндігін мақтан тұтамыз, - деп айтты Д. Тиесов, - олар өздерінің игі істерімен көмекке келу дайындығының жоғары деңгейін көрсетті, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі жұмыскерлерінің моральдық және адами қасиеттерінің жоғарғы көрсеткіштерін белгіледі.

Ж.Құрманбекова және Т.Орынбасарова өз тараптарынан көрсетілген ықыласқа шын жүректен алғыстарын білдірді және холдинг басшысының тарапынан құттықтау алу рухты көтеретіндігін және ұжымда ахуалға оң ықпал ететіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу