«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
10.03.2017
586 просмотров

Бүгін біз К5 экологиялық кластың отыны және оның К2-ден айырмашылықтары туралы баяндаймыз.

Ең бастысы, «экологиялық класс» (К2, К5) дегеніміз не? 

Бұл ұғым «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» 013/2011 КО ТР Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген. 

Отын кластары арасындағы айырмашылық пайдаланылған газдың қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің деңгейін анықтайтын физикалық-химиялық көрсеткіштерде жасырылған. Класс жоғары (К5) болған сайын, отын табиғат үшін барынша қауіпсіз болып табылады. 

Күкірт – 50 есеге аз 

К5 экологиялық кластың отынына қойылатын талаптар оның құрамындағы күкірттің мөлшері К2 отынына қарағанда, 50 есе (!) аз болатынын көздейді. Яғни, К2 класының бензині үшін күкірттің стандарттық мөлшері 500 мг/кг аспауға тиіс, ал К5 класы үшін күкірттің ең көп үлесі 10 мг/кг-дан астам еместі құрайды. 

Отын жанған кезде күкірттің тотығуы болады, күкіртті қышқылдар түзіледі. Бұл қышқылдар автомобиль қозғалтқышының күш беретін агрегаты жұмысына кері әсерін тигізеді. Заманауи қозғалтқыштарда алюминийдан жасалған цилиндрлар блогы бар, ол осындай әсерге бейім. Нәтижесінде қозғалтқыш ресурсы азаяды. Бұдан басқа, катализаторлар мен шығару жүйелері тез істен шығады, соның салдарынан әуесқой автомобильші қосымша шығындарға ұшырайды. 

Бензол - 1%-дан көп емес 

К5 класының бензинінде бензолдың көлемді үлесін айтарлықтай азайту қарастырылған – 5%-дан 1%-ға дейін. Бензол өте уытты және бензинде оны шектеу (1%-дан көп емес) шын мәнісінде автобензиндердің компонеттік құрамы бойынша жалғыз шектеу болып табылады. Хош иісті көмірсутектердің құрамы жоғарылаған кезде (35-45%-дан артық) күйе пайда болады, соның салдарынан жану мен үстіңгі тұтану процесі бұзылады. 

Бензинде хош иісті көмірсутектер үлесінің кемуі пайдаланылған газдарда уытты өнімдер болуының азаюына әкеледі. 

Октанды күшейтетін қауіпті қоспа – жоқ 

Қазіргі заманғы отындар өнім сипатын жақсартатын түрлі қоспаларсыз жасалмайды. К5 экологиялық кластың отынын өндіру кезінде октанды күшейтетін қауіпті қоспадан – монометиланилиннан (ММА) толықтай бас тартылады. Қоспа автомобильдік бензиндердің детонациялық беріктігін ұлғайтуға арналған. 

ММА қоршаған орта үшін аса зиянды заттарға жатады. ММА стандарттық уытты әсерге ие: қанды және нервтік у, ол тіпті зақымданбаған тері арқылы буларды ішке тарту немесе жұту кезінде улануға жол береді. 

Зат ұшпа емес, тиісінше, шығару құбырынан кейін булар жердің үстінде 40 – 60 см деңгейінде тұрады. 

Бұдан басқа, ММА-ның жоғары мөлшерлеуі қозғалтқыштың кіру жүйесінде отын шөгінділерінің түзілу икемін ұлғайтады.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу