«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
14.10.2016
1996 просмотров

Отын жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне себептері және симптомдары

Бензин қозғалтқышының отын жүйесі құрылғысы мынадай негізгі элементтерден тұрады: 

• Отын сыйымдылығы (бак);
• Отын сорғышы (бензин сорғышы);
• Өрескел және жұқалап тазалау сүзгілері;
• Қысымды реттеу жүйелері;
• Отын магистральдары;
• Артылған отынды бакка қайта бұру жүйесі;
• Инжектор (форсунка). 

Отын багы 

Отын багы – белгілі бір отынды қауіпсіз сақтауға, булану салдарынан оның ағып кетуі мен шығарылуын алдын алуға арналған сыйымдылық.   

Себептері
Отында кірдің пайда болуының себептері алуан түрлі болады, олардың негізгілері мыналар:
• Отындағы тауар астындағы су;
• Отында бензин багының тотығуына әкелетін тотықтырғыштардың болуы.
Салдары. Отын ішінде кірдің пайда болуы қозғалтқышқа және жалпы автомобиль жұмысына кері әсерін тигізеді. Бұл дегеніміз қозғалтқыш қуатының кемуі, оның жұмысындағы кідірістер, тұрақты жылдамдықпен келе жатқандағы жұлқынулар, бос айналымдардың «жүзуі». 

Ұсынымдар
Пайдалану кезінде отын багы тұрақты арнайы қызмет көрсетуді талап етпейді, бірақ профилактика жүргізу мақсатында мерзімді негізде (шамамен 2-3 жылда бір рет) оны автомобильден шешіп, конденсатты қотару және арнайы сұйықтықтармен жуу ұсынылады.

Отын сорғышы (бензин сорғышы)
Бензин сорғышы отынның бактан автомобильдің қозғалтқышына келіп түсуіне арналған. Негізгі міндеті – қозғалтқыштың жұмысына қажетті, белгілі бір қысым астында отынды жеткізу.
Бензин сорғыштары қысым астында жұмыс істейді, сол себепті шулы болады және жылдам қызып кетеді. Міне, осы себептер бойынша оларды отын багында орналастырады – отын бензин сорғышын суытады және шуды басады. 

Себептері
Бензин сорғышы торының ластануы.
Автомобиль иелерінің көбісі торды маңыздылығы аз бөлшек ретінде санап, оған қажетті назар аудармайды. Тор ластанған кезде бензин сорғышы отынның жетіспеуі режимінде жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, бензин сорғышының салқындауы ол арқылы тартылатын бензин есебінен жүзеге асырылады, отынның жетіспеуі бензин сорғышы бөлшектерінің қызып кеткенін білдіреді, бұл бензин сорғышының істен шығуына әкеледі. 

Салдары. Отынның келіп түсуі тыйылуына байланысты автомобильдің тоқтауы.

Отын сүзгісінің ластануы.
Ластанған отын сүзгісі өзі арқылы отынды нашар өткізе бастайды. Бұл ретте, отын сорғышы қысымның «айдауышы» болып табылады, негізгі салмақ соған түседі. Отынды отын сүзгісі арқылы «сорып алу» мүмкіндіктері сүзгінің төмен өткізу қабілетіне тіреледі, бұл отынды «сорып алу» кезіндегі үлкен кедергіге алып келеді. Нәтижесінде, бензин сорғышында қысым көтеріледі және белгілі бір уақытта артық қысымды өршітудің сақтандыру клапаны іске қосылып, бензин сорғышы ол өршітетін қысымды ұстауды доғарады.
Салдары – нашар қосылуы және отын магистраліндегі қысымның үнемі «төмендеуі». 

Отын багындағы бензиннің төмен деңгейі.
Қалыпты жұмысты қамтамасыз ету үшін электрлі бензин сорғышы үнемі отынға батып тұру тиіс – оның салқындатуын және кейбір кездері майлануын қамтамасыз ету мақсатында.
Салдары – егер бактың ішінде бензин аз болса және қозғалыс кезінде кейбір сәттерде бензин сорғышы «құрғақ» режимде жұмыс істесе, бак ішінде бензиннің ауысуы салдарынан бензин сорғышы қатты қызып кетіп, оның электр қозғалтқышының орамдары істен шығады.

Отында судың болуы.
Отын құрамында су болуы мүмкін. Қозғалтқыштың жұмыс істеу процесінде отын багынан отын жүйесіне түскен су автомобиль өшірілгеннен кейін де сонда қалады. Төмен температуралар кезінде, қозғалтқыш суығаннан кейін су қатып қалады және бұл ретте, кеңее түсіп, бензин сорғышының элементтеріне механикалық тұрғыда зақым келтіруі мүмкін.   

Ұсынымдар
Автомобиль өндірушілердің ұсынымдарында жүріп өткен қашықтығы, сондай-ақ уақыты да бойынша отын сүзгісін ауыстыру мерзімдері белгіленген. Сондықтан, егер автомобильдің жоспарлы қызмет көрсетуі отын сүзгісін ауыстыруды талап етсе, бензин сорғыштағы сүзгіні немесе торды ауыстыруды ескермеуге болмайды. Оларды ауыстыру қажет!
Бак ішіндегі отын деңгейінің көрсеткіші бактағы отын көлемін шамалап көрсетеді. Отын багына уақтылы бензин құйып, бактағы отын көлемі бактың толық сыйымдылығының төрттен бір деңгейінен ешқашан төмен болмауын қадағалап отыру керек. Егер бактағы отынның ең аз деңгейінің дабылы жанса немесе көрсеткіш тілі «Е» белгісінің (Бос) маңайында болса, дереу бактың қажетті деңгейіне дейін отын құйып алу қажет.   

Отын сүзгісі 

Отын сүзгісі – бұл отынды сақтау мен тасымалдауға арналған металл сыйымдылықтарында болатын тотықтың, кірдің бөлшектерін, сондай-ақ отын бактарының бетінде пайда болатын, отын мен судағы кірленуді сүзгілеу мен бейтараптандыру үшін қажетті отын жүйесінің элементі.

Себептері
Бензиннің ауамен немесе металлмен өзара іс-қимылы кезінде түрлі химиялық қосылыстардың барысында отын багында кір мен шаң жиналады.
Салдары. Шайырланған түзілімдердің жинақталуы да автомобильдің қуаттану жүйесіне кері әсерін тигізеді. Осы және басқа да факторлар отын сүзгілерін жұмысқа жарамсыз күйге келтіреді, бұл кейінгі ауыстыруды талап етеді.

Ұсынымдар
Өндіруші отын сүзгісін ауыстыру мерзімдерін қаптамада көрсетеді және әдеттегідей, бұл мерзімдер бензинмен жүретін қозғалтқыштар үшін 15-20 мың километрді және дизельмен жүретін қозғалтқыштар үшін 60 мың километрді құрайды. Сонымен бірге, мамандар ауыстыру мерзімдерін анықтау кезінде кешенді тәсілді қолдануды ұсынады: пайдалану талаптарын, автомобильді өндірушінің ұсынымдарын, отын сапасын ескеру қажет. Осы параметрлерге байланысты ауыстыру мерзімдері қысқаруы мүмкін.
Қозғалтқыш қуатының төмендеуі немесе жұмысының тұрақсыздығы, іске қосудың қиындығы және отынның шамадан тыс жұмсалуы отын сүзгісін ауыстырудың индикаторы болып табылады. 

Отын қысымын реттеуіші
Отын қысымын реттеуіші – бұл отын қысымын реттейтін автомобильдің көптеген түйіндерінің бірі. Бұл мембраналық клапан, мембрананың бір жағын отын басып тұрса, екінші жағында – іске қосу коллекторының серіппесі тұрады, қозғалтқыш жүктемеден шыққан кезде клапан ашылып, талап етілмеген отын қайта бакқа барып құйылады, яғни реттеуіш отынның тұрақты қысымын қалыптастырады.

Себептері мен салдары
Уақыт өте келе реттеуіш ішінде серіппе тозып, қажетті күш жұмсамайды, нәтижесінде, отынның бір бөлігі қайта бакқа бағытталып, отын рейкасында қысым төмендейді. Сайып келгенде, отынның жетіспеушілігі және қозғалтқыштағы қуаттың жоғалуы орын алады.
Сондай-ақ, клапанның сыналуы да болуы мүмкін, бұл жағдайда отын жүйесінде қысым дұрыс ауыспайды, соның салдарынан қозғалтқыштың тұрақсыз жұмысы, айдау кезінде жұлқыну байқалуы мүмкін. 

Ұсынымдар
Отын қысымын реттеуішінде пайда болған ақаудың көрсетілген себептері анықталған жағдайда, жөндеу жиынтықтарының көмегімен осы түйінді жөндеу немесе түйінді толық ауыстыру жүргізіледі. 

Инжектор (форсунка)

Форсунка (форсунка) – отынды мөлшерлеп беру, оны жану камерасында (іске қосу коллекторында) ыдырату және отын-ауалық қоспаны құру үшін арналған.
Форсунка бензиндік, сондай-ақ дизельдік қозғалтқыштардың бүрку жүйелерінде қолданылады. Қазіргі заманғы қозғалтқыштарда бүркудің электронды басқарылатын жүйесі бар форсункалар орнатылады. 

Себептері
Қозғалтқыштың жұмыс істеу процесінде оның отын жүйесінің элементтерінде – инжекторларда (форсункаларда) сапасына қарамастан, кез келген бензинде болатын ластанулар бірте-бірте орын алады.
Форсунка бүріккішінде түзілімдер негізінен қозғалтқыш тоқтағаннан кейін бірнеше минут ішінде, ыстық күйінде жиналады. Бензиннің жеңіл фракциялары ұшып кетеді, ал ауыр фракциялары қатты түзілімдердің қабатын қалыптастырады, олар уақыт өте келе жұмысты нашарлататындай деңгейге жетеді, тіпті кейіннен инжекторлардың (форсункалардың) өздерін жұмысқа жарамсыз етеді. Инжекторлардағы түзілімдер қиын тазаланатын және бензинде ерімейтін қара-қоңыр лакталған қыртыс пен қоқыс қаспақтардан тұрады.   

Салдары.
Ластанған инжекторлардың белгілері отынды бүркудің инжекторлық жүйесі бар автомобильдердің барлық модельдерінде кездеседі:
- Автомобильдің тұрақсыз бос жүрісі: қозғалтқыш «үшке бөлінетін сияқты»;
- Қозғалтқыштың қиын қосылуы: қозғалтқыш екінші – үшінші реттен іске қосылады, бос айналымдар қиын тұрақтанады;
- Акселератор басқышына кенет басу кезіндегі сәтсіздік, жайсыз жүріс;
- Автомибиль жүруінің нашарлауы және қуатын жоғалтуы; автоматты беріліс қорабы бар автомобиль төменгі берілістерді тартпайды, жылдамдық әрең қосылады, отын шығару жүйесінде дыбыстар естіледі;
- отын қоспасы тұтануының болмауы: жылдамдық алу кезіндегі жұлқынулар, тұтандыру білтесінің, электр сымдарының, тұтандыру шарғысының жарамсыздығына әкелетін, ұшқынның түзілуін (misfire) жоғалту бойынша қателер коды бар;
- отынның жұмсалуы үнемі ұлғаяды: инжекторлардың ластануы бірте-бірте туындайтын процесс болғандықтан, оны жүргізуші бірден байқамайды.

Ұсынымдар
Белгілі өндірушілер шығаратын қозғалтқыштардың инжекторлары өте сенімді және тозыққа берік болады. Инжекторлардың ресурсы 200 – 300 мың километрді құрайтын автомобильді пайдаланудың барлық қисынды мерзіміне дерлік есептелген. 

Инжекторларды әрбір 20 – 25 мың шақырым сайын тазалау ұсынылады. Алайда инжектордың қалыпты жұмысын отын жүйесін тазалау мен профилактика жүргізудің ешбір құралдарымен қалыпқа келтіруге болмайды. Жарамды инжектормен ауыстыру ғана көмектеседі.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу