«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
23.09.2016
644 просмотров
Жанармай құю станцияларының желілері өз қызметі барысында автомобильдердің отын бактарын толтыру көлемдеріне қатысты автомобильшілердің ескертулерімен және шағымдарымен жиі кездеседі. Осы мәселе туралы сарапшыларды не дейді?

Асыра құю. Машиналардың бактарына олардың сипаттамаларында көрсетілгеннен көп отын құйылған жағдайлар көптеген автомобильшілерде күмән тудырады. 

Жанармай құю станциясында Сізді алдады деп ойласаңыз, ашуланып және шағымдар кітабын сұрауға асықпаңыз. 

Шын мәнісінде асыра құюдың себептері жанармай құю станциясы қызметкерлерінің теріс пиғылы мен «бұралған» бағаналар емес, бактың нақты сыйымдылығы болып табылады. Барлығы дерлік автомобильдерде нұсқаулықта көрсетілген бактың сыйымдылығы отынды толтырып құюды көздемейді. Яғни, «тапанша» атқанша дейін отын құйылса, бакқа 45 литр сыяды (паспортта көрсетілгендей). Егер де «сүзіп» құятын болсақ, 50-55 литр.

Техникалық құжаттарда көрсетілген бактың сыйымдылығы «қауіпсіздік қуысты» ескермейді 

Автоөндірушілер жазатын отын бактарының сыйымдылығы нақты сыйымдылықтан жайдан жай ерекшеленбейді. Зауыттық сипаттамалар «қауіпсіздік қуысты» ескермейді. Бірақ олар бар болса, демек, белгілі бір функцияны атқарады. 

«Тәжірибе көрсеткендей, автомобильге «аузына дейін» бензин құйылған кезде, отын багына автоөндіруші көрсеткен сыйымдылыққа қарағанда көп сыяды. Бұл отын багының көрсетілген сыйымдылығы «аузына дейін» бензин құюды көздемейді, егер бензин толтырылып құйылса, отын багының желдету жүйесінің жұмысы бұзылады. Бакқа ауа кіру керек, әйтпесе қысым төмендеп, отынның берілуі нашарлайды. 

Сондай-ақ, бакты желдету машинаны жылыту кезінде отынның кеңею мүмкіндігі үшін де маңызды болып табылады. Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша автоөндірушілер отын багының ең көп сыйымдылығын оны «аузына дейін» толтырылуын ескермей көрсетеді, яғни бұл автомобильдің отын багын толтырудың ұсынылатын ең көп сыйымдылығы болып табылады», - деп түсіндіреді сарапшылар.


Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу