«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
02.04.2018
180 просмотров

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап автокөлік иелері - Mastercard/Maestro карталарын ұстаушылар үшін көпшілікке әйгілі акция қайтадан басталады.

Бүкіл Қазақстан бойынша «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында аталған карталар арқылы төлем жасаған кезде, Сіз автоматты түрде барлық отын түрлерінің (АИ-80 мен сұйытылған мұнай газынан басқа) құнынан 3 % мөлшерінде арнайы жеңілдікті аласыз. Акция 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі күнді қоса алғанда болады.

Мәлімет үшін

Аталған акция бойынша және ForteBank бағдарламасы бойынша жеңілдіктер қоса берілмейді, қайсысының жеңілдігі көп, сол беріледі.

Mastercard/Maestro картасын ұстаушыларға жеңілдік автоматты түрде аударылады, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС чегінде жеңілдікті қоса алғандағы сома көрсетіледі.

«ҚазМұнайГаз» желісінің ЖМҚС-ларында Сіздерді әрдайым көруге қуаныштымыз!

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу