«ҚАЗМҰНАЙГАЗ ӨНІМДЕРІ» ЖШС slogan
Call-орталығы
21.07.2017
461 просмотров

Шілденің 12-нен бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ның барлық желісі бойынша Mastercard/Maestro карталарын ұстаушылары үшін акция басталды.

Енді Mastercard/Maestro төлем картасы бар барша әуесқой автобильшілер «ҚазМұнайГаз» желісінің кез келген ЖМҚС-на келіп, арнайы жеңілдікпен отын құйып ала алады. 

«ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю станцияларында көрсетілген карталар арқылы ақы төлей отырып, Сіз отын (АИ-80 маркалы бензин мен сұйытылған мұнай газынан басқа) құнының 3%-ы мөлшерінде автоматты түрде жеңілдік аласыз. 

Автокөліктерге жанармай құю станцияларында жеңілдік алу үшін арнайы бір құжат толтырудың қажеті жоқ, қазақстандық банктердің Mastercard/Maestro картасын ұстаушысы болу жеткілікті. 

Акция 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу