«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясының құрылу тарихы 2009 жылғы сәуірден басталады. «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ еншілес компаниясының «Karamai Plus» АҚ базасында - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ компаниясы құрылды. Компания жанар-жағармай материалдарын бөлшек сауда жүйесімен тарату жөнінен біртұтас оператор болып есептелді. Сонымен қатар, жүзеге асырудың және бағаның құрылуына; рынок конъюнктурасының өзгерістеріне деген икемді әрекеттер жасау; шешім қабылдау және бақылау рәсімдерін ықшамдау; әкімшілік шығындар мен персоналды басқаруды оңтайландыру; МҚС –тардың қызметін және қызмет көрсетудің біртұтас стандарттарын құру; Республиканың аумағына түгелдей ЖЖМ таратудың талондық және карточкалық жүйесін ендірусалаларында біртұтас саясат ұстану мәселелері шешілді.
2014 жылғы 11 ақпаннан бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл- ауқат Қоры АҚ-ның ұйымның құрылымын оңтайландыру шеңберінде », «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ - «ҚазМұнайГаз Өнімдері»ЖШС болып өзгертілді.